Астанада халықаралық марафон басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны басталды. Марафоншылардың алғашқы екі легі 42 және 10 шақырымға жүгіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Марафоншылар бүгін үш қашықтыққа 2017 метр, 10 км және 42 км 195 метрге жүгіреді. Халықаралық жарысқа қатысуға астаналықтар мен қала меймандарын қосқанда 5100-ден астам адам келген.42 шақырымды еңсерген қатысушы бас жүлде - 4,5 млн теңгеге ие болмақ.null

Марафонның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жарысты ұйымдасырушылар мен қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.

«Бірегей марафон жарысы Астанада бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Барлықтарыңыз жеңіс тілеймін!» - деді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының ізін ала сөз сөйлеген Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимов қатысушылардың барлығына сәттілік тіледі.
null 

«Ынтымақтасып, бірлесіп алыс қашықтықты бағындыруды көздеген барлықтарыңызға көп рахмет! Сәттілік серік болсын!» - деді Бас хатшы.

Халықаралық марафонға қатысуға ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Даму банкінің төрағасы Болат Жәмішов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, әйгілі спортшылардан Жақсылық Үшкемпіров, Серік Сәпиев, Бахтияр Артаев, Қанат Ислам, Александр Винокуров т.с.с. келген.
null 

Соңғы жаңалықтар