Астанада «Хазрет» ТК үлескерлерінің қаражатын жымқырған «Шейх Қаз Инвест» басшысы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шейх Қаз Инвест» ЖШС директоры Астанадағы «Хазрет» ТК үлескерлерінің қаражатын қалтасына басты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Ағымдағы жылы 15 қазанда елордалық ІІД Тергеу басқармасының қызметкерлері «Хазрет» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ақшасын жымқырды деген күдікпен «Шейх Қаз Инвест» ЖШС директоры Ольга Шнайдер ұсталып, ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды»,- делінген хабарламада.

Елордалық полицейлердің ақпаратынша, Шнайдер О. әрекетінен 80 үлескер зардап шекті. Жапа шеккендерден жиналған сома жарты миллиард теңгеден асқаны белгілі болды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар