Астанада ХҚКО жұмыс уақытын түнге дейін ұзарту ұсынылды

«Мемлекеттік қызмет процедураларын қалай жеңілдетуге болады деген ой келді. Сіздердің пікірлеріңіз қажет. Біз барлықтарымыз білеміз, жұмысбасты адамдарға ХҚКО-ға бару үшін уақыт табу қиын. Бірақ құжат рәсімдеу және түрлі анықтамалар алу қажеттілігі әрдайым туып жатады. e-gov.kz электрондық үкімет порталын қолданатындар үшін бұл бас қатырарлық шаруа емес, алайда көпшілік үшін бұл маңызды сұрақ. Жұмыс істейтін азаматтар үшін Астанадағы орталықтардың жұмыс уақытын түн жарымына дейін ұзартуды ойластырып жатырмыз», - деді ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Абылайхан Оспановтың сөзінше, егер жұмыс уақыты ұзартылатын болса, азаматтар мемлекеттік қызметтерді жұмыстан соң да пайдалануға мүмкіндік алмақ.
«Әрине, сөз тек «Үкімет азаматтар үшін» көрсететін қызметтер туралы ғана. Құжатнама және тіркеу қызметтері де қалыпты режимде жүргізіледі. Егер бұл ойымыз жүзеге асып жатса, кейін бұл тәжірибені басқа қалаларға да таратамыз. Осындай идеяға қалай қарайсыздар?», - деп сұрады А. Оспанов.