Астанада HOWO көлігі қағып кеткен жүргінші қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада HOWO жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.
Жол-көлік апаты 20 сәуірде сағат 15.00-де орын алды.
«50 жастағы HOWO маркалы көлікті басқарып келе жатқан «К» есімді жүргізуші Тұран даңғылы мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында 1962 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел реттелетін жаяу жүргіншілер жолымен бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды кесіп өткен»,- делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты.
Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.