10:35, 29 Маусым 2012 | GMT +5
Астанада Иманов көшесі екі күнге жабылады
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін 29 маусым күні, сағат 12.00-де автожолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты Иманов көшесінің Сембинов көшесінен бастап Брусиловский көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Қозғалыс жол-құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған 2 шілде күні қайта жанданады.

Астана қаласының Жол полициясы басқармасы жүргізушілерге жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады.
№19, №20, №33, №109-ыншы қалалық қоғамдық көліктер Кенесары көшесімен жүретін болады.