Астанада Индустрияландыру картасы бойынша жаңа нысандар іске қосылады
Құрылыс индустриясы саласында «Астанада үй салу комбинатының құрылысы, «GLB» ЖШС» жобасы қолға алынбақ, жобаның құны - 12 млрд теңге. Қазіргі таңда жобаның 20% дайын, сонымен қатар инвестицияның 42% пайызы игерілген. Бұдан бөлек, машинажасау саласында «ASTANA Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС «KazTexExpo автоматтандырылған өндіріс кешенін» ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны - 0,8 млрд теңге. Бүгінде жобаның 80%-ы дайын, инвестицияның 87%-ы игерілді. Ал фармацевтика саласындағы «Astana Pharmbiosintesis» ЖШС «Негізгі фармацевтикалық және химиялық препараттар шығаратын өндіріс кешенінің» құрылысы жобасы 2017 жылы іске асырылмақ. Жобаның жалпы құны - 32,9 млрд теңге. 2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін 330,3 млрд теңгеге, физикалық көлем индексін 109,7%-ға жеткізу жоспарланған.