Астанада Индустрияландыру күні аясында телекөпір өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 желтоқсанда, Астанада Индустрияландыру күні аясында ҚР Үкіметі мен облыс әкімдерінің Мемлекет басшысымен есептік кездесуі өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
None
None

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде индустрияландыру бағдарламасы аясында нысандардағы өндірісті және жобалар құрылысын іске қосады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сапа саласындағы жетістіктер үшін «Алтын сапа» ҚР Президентінің Сыйлығын табыстау салтанаты, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтеді.

Соңғы жаңалықтар