Астанада Jennifer Lopez концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды.

Астана әкімдігінің мәліметінше, арнайы автобустар сағат 16:00–ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.
Шаттл бағыттары:
* Астаналық цирк автотұрағы;
* «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
* «QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;
* Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;
* «Бас мешіт» автотұрағы.
Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.
Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.
Айта кетелік Алматыға Дженнифер Лопестің концертін тамашалауға 29 елден көрермен келетіні туралы жазған едік.