18:43, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Астанада «К-700» автобусқа соғылды, үш адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада шамамен сағат 17.00-де жүк тасымалдаған «К-700» тракторы Пригородный кентінен қалаға бағыт алған автобуспен соғылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.

Оқиға орнында мән-жайды анықтаған полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан 3 адам зардап шеккен.
Олардың ішінде 54 жастағы әйел бар. Ол ауруханаға жеткізілді.