Астанада кабель ұрлағандар қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы кабель ұрлаған бір топ жастарды қолға түсірді. Бұл туралы Астананың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада кабель ұрлағандар қолға түсті

Бейнебақылау камерасына белгісіз біреулердің кабель желісі орналастырылған люкке кіргені түсіп қалған. Оқиға орнына келген елордалық Есіл ауданының ІІБ қызметкерлері астананың және Ақмола облысының үш күдікті азаматын қолға түсірді.

Тексеру барысында жезді қабықты кесу (70 метрге жуық) арқылы бірнеше кабель желісі зақымданғаны анықталды.

ҚР ҚК 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың басқа қылмысқа қатыстылығы бар-жоқтығы тексерілуде