Астанада Қадыр түнінде тегін автобустар қатынайды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Қосымша көлік 22:00–ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты — таңғы 04:00–де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.
Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:
«Республикалық Бас мешіт» мешіті — Целинный шағын ауданы, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылы.
«Әзірет Сұлтан» мешіті — «Спутник» супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы.
«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті — «Көктал-1,2» тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті — «Көктал-1,2» тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы.
«Рахымқызы Райса ана» мешіті — автобустар «Рахмет» сауда орталығы.
— Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді, — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Қадір түнінде Нұрлан имам Jibek joly телеарнасында тікелей эфир өткізетінін жазған едік.