17:16, 05 Шілде 2025 | GMT +5
Астанада қала күні мерекесіне орай қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Елорда күніне орай 4-6 шілде күндері «Ғашықтар» саябағының аллеясында қалалық көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады, деп жазды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның басты мақсаты – жас кәсіпкерлерді, қолөнершілерді, шеберлерді, жергілікті дизайнерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды қолдау және дамыту.
Көрме-жәрмеңкеге 30-ға жуық шебер мен қолөнер иесі қатысып, өздерінің ерекше өнімдерін, қолдан жасалған бұйымдарын және авторлық жұмыстарын ұсынады.
Жәрмеңке 4-6 шілде аралығында күн сайын сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, Астана күніне орай қалалық перфоманс фестивалі өтеді.