Астанада қамқоршылық органдарының 8 қызметкері жарты млн балаға қарап отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде бұдан былай қамқоршылық органдарындағы қызметкерлердің саны еселеп артады. Бұл туралы елордада бала тәрбиесі жөніндегі халықаралық конференцияда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Президент Әкімшілігімен және Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп атқарған үлкен жетістік — ол қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын әр 5 мың балаға бір адамнан бекіту болды. Мәселен, қазір Астанада қамқоршылық органдарының 8 қызметкері жарты миллион балаға қарап отыр. Әрине, осы қызметкерлер профилактикалық іс-шаралармен барлығын қамтып үлгермейді, сондай-ақ дер кезінде әрекет етуге уақыттары жоқ, — деді Динара Зәкиева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Оның айтуынша, бұл тұрғыда тиісті түзетуді Мәжіліс қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады. 

— Осы түзету мақұлданғаннан кейін, Астанада 8 емес, 100 қызметкер болады. Ал Түркістан облысында 17 емес, 180 маман жұмылдырылады. Әр ауданда 12 қызметкерден болады. Бұл өз кезегінде балалардың құқықтарын қорғаудың бүкіл жүйесін түбегейлі өзгертеді, — деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

елордада балалар мен жастар тәрбиесіне арналған халықаралық конференция өтті
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада балалар мен жастар тәрбиесіне арналған халықаралық конференция өтті.

Соңғы жаңалықтар