Астанада қандай тәсілдермен қосымша табыс табуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өз автокөлігіңмен қандай талаптар бойынша такси қызметінде қосымша табыс жасауға болатынын ҚазАқпарат тілшісі зерттеп шықты.
None
None

Біз елордадағы такси қызметтерімен байланысып, демалыс күндері қосымша ақша табу үшін жүргізуші мен автомобильге қойылатын талаптар жөнінде білген болатынбыз. Анықталғандай, егер ниет болса, тапсырыс берушілер өте көп көрінеді.

Мәселен, «Эконом» таксиі тарапынан қойылатын талаптарға тоқталатын болсақ, алдымен, өз автокөлігіңмен компанияның кеңсесіне бару қажет. Ол жерде мамандар көлікті егжей-тегжейлі тексеріп шығады.

Телефон арқылы болған әңгімеде компания өкілі темір тұлпардың шыққан жылына қатысты қатаң талап жоқ екенін айтып, тек қана көліктің техникалық жағдайы жақсы болуына мән берілетінін жеткізді.

«Андроид тұғырнамасында істейтін телефон керек. Сіз осыған дейін ЕСТ бағдарламасы бойынша жұмыс істеп көрдіңіз бе? Бізде айына абоненттік төлем 14 мың теңге және оған қоса әрбір тапсырыс үшін 15 теңге ұсталады. Сіз тапсырыс алған кезде, клиенттерге көліктің шыққандығы туралы хабарландыру түседі, ал нақты үйге жеткенде екінші смс барады. Жалпы, атқарылған жұмысқа 15 теңге ұсталады. Бұл пайыздық алым емес, яғни бұл құн адамдарды тасымалдаған сомаға байланысты емес. Егер де сізде тариф 5-6 мың теңге болса да, 15 теңге төлейсіз.  Қазір бізде акция жүріп жатыр. 5 мың теңге төлемді енгізіп, бастапқыда 10 күн қызмет етесіз. Талаптар ұнаған жағдайда, 10 күннен кейін қайтадан келесіз де, қалған 9 мың теңгені төйлесіз. Бізде тапсырыстар өте көп», - деді такси диспетчері телефон арқылы әңгімеде.

Мұнымен қоса, «Арзан» таксиінің де талаптарын көпшілік назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.

«Андроид тұғырнамасындағы телефон қажет, ЕСТ бағдарламасымен жұмыс істейміз. Бізде тіркеуден өту тегін, алайда екі мың теңге өзіңіздің балансыңызды толтыруға керек болады. Бір тапсырыстан 10 пайыз аламыз»,-деп хабарланды компаниядан.

Бұдан бөлек, «Азия» таксиі кеңсесінен берілген мәліметке қарағанда, осындағы талаптар өзгешелеу екен.  «Екі аптада тәулігіне 100 теңгеден істейсіз, кейіннен 400 теңге болады. Сақтандыру мен қызмет көрсету жүргізушінің өзінен. Тапсырыс өте көп, автокөлік жетіспей жатыр»,-дейді компания өкілі.

Барлық такси қызметтері алдымен бетпе-бет еңгімелесуге және көлікті тексеруден өткізуге шақырады. Ең басты, автомобильдің техникалық жағдайы талаптарға сай болуы тиіс. ЖКО орын алғанда әкімшілік жауапкершілікті өзіне алмайды. Сақтандыру құжаты көліктің иесінің қалтасынан төленеді.

Соңғы жаңалықтар