16:41, 03 Ақпан 2017 | GMT +5
Астанада қарт кісілерге арналған медициналық орталық ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 9 мамырға қарсы жаңа геронтология орталығы ашылады. Мекемедегі барлық емдеу түрлері тегін жүргізіледі. Бұл туралы Астананың денсаулық сақтау басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланған.

Негізінен, диагностикалық бағалы құрылғылар әртүрлі мекемелерде орналасқан. Егде жастағы адамдар компьютерлік томографияны айтпағанда, көздерін бір орында тексертсе, есту мүшелерін екінші жерге қаратады.
«Осыған орай, қала әкімі Әсет Исекешевтың арқасында Геронтология орталығын ашу мүмкіндігіне ие болдық. Ардагерлерге сыйлық жасау мақсатында орталықты 9 мамырға қарай ашу жоспарымызда бар. Ережелерге сәйкес, емдеудің барлық түрі тегін жүргізіледі», - деп айтылған хабарламада.
«Медициналық орталықта егде жастағы адамдарда жиі кездесетін аурудың барлық түрі емделетін болады. Одан бөлек, «үй дәрігері» жобасымен бірге науқастардың аталмыш тобына бағытталған «үйге келетін дәрігер» жобасы жүзеге асатын болады», - деп айтылады хабарламада.