Астанада кәсіпқой бокс кеші басталды
Бүгінгі бокс кешінде Абылайхан Құсайыновпен украиналық Максим Мороз, Асхат Уәлиханов тағы бір украиналық боксшы Ярослав Юровпен шаршы алаңға шығады. Ал Айдар Шәрібаев пен украиналық Артем Айвазиди шын мықтыны анықтаса, суперауыр салмақта Руслан Мырсатаев украиналық Павло Кроленко қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ, бүгінгі кештің басты жекпе-жегінде 52 келі салмақ дәрежесінде WBC Asia чемпионы «Қазақ жауынгері» атанып кеткен Елшат Нығметоллаұлы шаршы алаңға шығады. Ол әзербайжандық боксшы Фарид Әлиевпен жұдырықтасады.
Еске сала кетейік, кәсіби бокс кеші Qazaq Promoutions промоутерлік компаниясының бастамасымен Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.
Айта кетейік, «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, танымал кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам. «QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп, үлкен бокс кештерін ұйымдастыруға бағытталған.