Астанада «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты Халықаралық форум басталды

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Елордада ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың төрағалық етуімен «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты үшінші Халықаралық форум басталды.
None
None

Халықаралық форумның негізгі мақсаты - экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етудегі серіктестіктің алдағы перспективалары мен құралдарын әзірлеу.

Биылғы жылы форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Форумда кадрлар даярлауда білім беру мен бизнес ынтымақтастығының басымдықтары, «Кәсіпқор холдингі» АҚ-да бизнес пен мемлекеттің корпоративтік жауапкершілік үрдістеріне негізделген оқу орындарын басқарудың жаңа үлгісі талқыланатын болады.

Іс-шара шеңберінде «Бизнес және техникалық және кәсіптік білім беру: ынтымақтастық координаттары» атты көрме ұйымдастырылды. Кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау саласындағы 20 үздік серіктес ұсынылған көрмені Б.Жұмағұлов аралап көрді.

Сондай-ақ форум барысында Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде орнықты және нәтижелі серіктестікке қол жеткізген техникалық және кәсіптік білім беру мен жұмыс берушілердің үздік ұйымдары марапатталады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар