19:45, 03 Маусым 2018 | GMT +5
Астанада қатты желге байланысты тағы да ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Ақмола облысында ауа райына байланысты тағы да ескерту жарияланды, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

«Астана қаласында 4 маусымда батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарламада.
Ертең Ақмола облысында батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ, Кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.