Астанада қауіпсіздік үшін полицейлердің саны едәуір арттырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада полиция қызметкердері айтарлықтай артады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
None
None

«Таяуда мен Мемлекет басшысының қабылдауында болып, Астана бойынша жағдай туралы баяндап бердім. Президент жедел-тергеу қызметтерінің санын арттыру тұрғысында республикалық бюджет есебінен 1300 адамды қабылдауды бекітті. Қала әкімі жергілікті бюджет есебінен полиция қызметкерлерін арттыру шешімін қабылдады. Олардың қатарында шолғыншы полиция мен учаскелік инспекторлар және басқалара бар. 7-8 айдың ішінде немесе бір жылда біз бұл адамдардың барлығын қабылдаймыз», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, қыркүйекте Астана маңында әскери қалашықтың құрылысы аяқталады. Онда елордада қызметін атқаратын 2,5 мың мерзімді сарбаздар орналасады. Осы орайда сарбаздар қаладағы тағы 500 бағдарды қамтитын болады. Ведомство басшысының айтуынша, Астана тұрғындарына шаққанда полицейлер жетіспейді, сондықтан елордада қылмыс көлемі өсуде. «Біздің Астанадағы күштеріміз 240 мың адамға есептелген. Соңғы санаққа қарағанда елорданың халқы 810 мыңға дейін артқан. Яғни, қала үш есеге жуық көрсеткішке өскен, ал біз тек 240 мың адамды қамтып отырмыз»,-деді Қ. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар