Астанада қай көшелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада ауа райы жылынған күннен бастап жол-құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр. Осыған байланысты көшелердің кейбір учаскелері жөндеу кезінде ішінара немесе толық жабылды.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жүріп жатқан жол учаскелерін көрсетті.
Толығымен жабылған көшелер:
— 20 сәуірден 20 тамызға дейін — Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (Кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады); — 9 сәуірден 30 тамызға дейін — Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін; — 29 сәуірден 30 тамызға дейін — Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);
Ішінара жабылған көшелер:
— 11-18 мамыр аралығында — Күршім көшесі Болашақ көшесінен Жаңақоныс көшесіне дейін (Көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
— 11-17 мамыр аралығында — Ш. Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
— 10-20 мамыр аралығында — Аркар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
— 9-13 мамыр аралығында — Абылай хан даңғылы Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
— 9-19 мамыр аралығында — М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
— 8-13 мамыр аралығында — Алаш тасжолы 191-көшеден 69-көшеге дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
— 5-15 мамыр аралығында — Кенесары көшесі Ә.Сембинов көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
— 1 мамырдан 1 тамызға дейін — Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);
— 12-15 мамыр аралығында — Фахт бен Абдул Азиз және С.Қожахметов көшелері Ш. Бейсекова көшесінен К.Байсейітова көшесіне дейінгі учаскеде.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды, — делінген Астана қаласы әкімдігі хабарламасында.
Айта кетелік Астана халқы жерасты суын да тұтына бастайтыны туралы жазған едік.