Астанада «KazAgro-2023» көрмесі өтіп жатыр

Астанада «KazAgro - 2023» көрмесі өтіп жатыр
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Елордада дәстүрлі «KazAgro - 2023» және «KazFarm -2023» халықаралық көрмелері ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Kazinform. 

19-21 қазан аралығында өтетін халықаралық көрмеде отандық тұқым селекциясынан бастап дайын өнімдер мен заманауи технологиялар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, сақтауға, қайта өңдеуге және логистика техникалары қойылған. Сонымен қатар арнайы жабдықтар, құралдар да бар.

Одан бөлек, көрмеде Қазақстандағы мал шаруашылығы және ет-сүт өнеркәсібі бойынша эмбриондардан бастап мал шаруашылығы саласының түрлі дайын өнімдері қойылған. 

көрме
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Кезекті он төртінші «KazAgro-2023» және «KazFarm-2023» халықаралық көрмесіне қош келдіңіздер! Биылғы көрмеге әлемнің 20-дан астам елінен ауыл шаруашылығы мамандары келіп отыр. Қатысушылар мал шаруашылығы, өсімдік саласы бойынша өнімдерін ұсынады. Келушілердің ауыл шаруашылығы техникаларын, оның ішінде Қазақстанда өндірілетін жаңа өнімдермен танысу мүмкіндігі бар. Оның ішінде сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар және тағы басқа. Өсімдіктерді тиімді қорғау – жақсы өнім алудың кепілі», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көрменің ашылу салтанатында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш күн бойы өтетін «KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық көрмесінде әлемдік жетекші агро концерндердің бірқатар жаңа ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені, аграрлық ғылымдағы соңғы жетістіктер мен инновациялық технологиялар ұсынылады. 

көрме
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сондай-ақ көрме аясында халықаралық конференция, дөңгелек үстел мен кездесулер ұйымдастырылады. 

көрме
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
көрме
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар