18:19, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Астанада қазақ-эстон үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 14-15 ақпанда Астанада Экономика және ғылыми-техникалық ынтамақтастық жөніндегі қазақ-эстон үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді.
Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.
Аталған жиынға ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев және Эстонияның Экономика және коммуникациялар министрі Юхан Партст төрағалық етпек. Бұл басқосу барысында көлік, ақпараттық технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, сондай-ақ басқа да салалалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланады. Мұнымен қоса комиссия жұмысының аясында көлік және логистика, энергетика, ақпараттық технологиялар жөніндегі үш жұмыс тобының кездесулері өтеді.