Астанада қазақ пен француз суретшілерінің халықаралық көрмесі ашылды

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайының «Astana Artline» галереясында «Қазақстан және Франция» халықаралық көрмесі ашылды.
None
None

Көрмеге екі елдің танымал суретшілерінің жұмыстары қойылды. Олардың арасында Мартин Риваз-Оффан, Ұмсын Артықбаева, Армат Бектас, Ерлан Назарқұл, Гүлмира Телғозиева, Еркінбек Есімов, Ералы Досмағанбетов және Жаннет Әбіш бар.
Көрмеден натюрморт, абстракция үлгісіндегі сан алуан шығарамаларды көруге болады.

«Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік байланыстарды дамыту саласында саясаттың ғана емес, мәдениеттің де атқарар рөлі зор. Осы орайда өнердің үлесін ерекше атап өткен жөн. Биыл - Қазақстандағы Францияның мәдениет жылы, келесі жыл Франциядағы Қазақстанның мәдениет жылы жеп жарияланды. Сондықтан ағымдағы жылы екі елдің халықаралық ынтымақтастығын дамыту мақсатында көптеген мәдени шаралар жоспарланған. Солардың бірі - «Astana Artline» галереясында ашылған «Қазақстан және Франция» халықаралық көрмесі. Ол да екіжақты байланыстардың нығаюына өз септігін тигізеді деп білеміз», - дейді «Astana Artline» галереясының қызметкері, өнертанушы Зарина Байкенова.

Соңғы жаңалықтар