Астанада «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі басталды (ФОТО, ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада арбадағы спорт би жарысы бойынша «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі ашылды. Әлемнің алты елінен келген спортшылар осы жылдың қарашасында өтетін Азия чемпионатына лицензияны жеңіп алады.
«Бұл жарыс - Астанада үшінші жыл өтіп отыр. Әдетте, халықаралық турнирға сегіз елдің өкілдері келетін еді, бірақ, өкінішке қарай, биыл Грузия, Қырғызстан, Тайпей, Ресей және Қазақстан қатысып отыр. Баса айта кетерлігі, жарысқа Қазақстанның сегіз өнерпазы қатысуда», - дейді Қазақстандағы заманауи және спорт биі федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова.
Жарыс екі күнге жалғасады. Спортшылар төрт бағдарлама бойынша, атап айтсақ, бір адам арбада, бір спортшы тұрып билейтін; арбаға таңылған екі адам билейтін, жеке бір адам билейтін және фристайл бағдарламалары бойынша өнер көрсетеді.
Жалпы, үш жыл ішінде турнирге қатысамын деушілердің саны артқан. Жарыс ең бірінші рет өткен жылы 36 адам қатысса, қазір арбада отырған 80 адам жарысқа қатысып жатыр. Осылайша, арбадағы спортшыларды қоса алғанда, Халықаралық турнирға барлығы 100-ден астам адам қатысуда.