Астанада Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының құрылтайы өтеді

 АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні сағат 15.00-де Астанадағы Ұлттық кітапханада Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының құрылтайы өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық қоғамдық бірлестік (РҚБ) ретінде құрылып жатқан бұл ұйымның мақсаты - бұған дейін жеке-жеке шығармашылық адамы ретінде өмір сүріп келген айтsскерлер мен жыршы-термешілерді бір ұйымға біріктіру, айтысты бір орталықтан үйлестіру.

РҚБ ендігі жерде айтыс  пен терме-жырды насихаттауды өз қолына алып, ғылыми практикалық конференциялар мен шеберлік сыныптарын өткізіп, жас өнерпаздарды тәрбиелеп, қанаттандыру, оқу-үйрету жұмыстарын жолға қояды. Кітаптар мен дискілер шығару іске асырылады. Қоғам өз басылымын, жеке сайтын ашуды жоспарлайды.

Құрылтайға республиканың барлық аймақтарынан айтыскерлер мен жыршы-термешілер шақырылған. Сондай-ақ барлық облыстардың vәдениет басқармаларының басшылары қатысады.

9  желтоқсан күні Астанада өтетін «БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ!» fnns республикалық айтыстың ақтық сайысы туралы да сөз болады.

Соңғы жаңалықтар