Астанада Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – 13 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалдық кезеңі басталады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды.
13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында 15 салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. 14 желтоқсан күні үшінші және бірінші орындар үшін кездесулер жоспарланған.
Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешеніндегі жарыс 13 желтоқсан күні сағат 11:30-да, 14 желтоқсан күні сағат 12:00-де басталады.
Еске салсақ, осыған дейін Дубайдағы әлем чемпионатында қай елден қанша боксшы финалға жолдама алғанын жазғанбыз.