Астанада «Қазақстан - Еуропа: ынтымақтастықтың нәтижелері мен жаңа көкжиектері» атты халықаралық конференция өтеді

ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -24 қарашада Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ұйымдастыруымен «Қазақстан - Еуропа: ынтымақтастықтың нәтижелері мен жаңа көкжиектері» атты халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

«Конференцияда Қазақстанның Еуропалық Одақпен және еуропалық елдермен ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағы, атап айтқанда энергетикалық және көлік диалогы, заң үстемдігі, адам құқығы, сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аймағында орналасқан ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері қарастырылады»,-деді реми өкіл.

Аталған іс-шара «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына, сондай-ақ Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның «Үштігі» басшылығында өткізген үш жылдық жұмысын қорытындылауға бағышталған.

Конференцияға Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшылары, сенаторлар мен дипломатиялық корпустың өкілдері, еуропалық және қазақстандық белгілі, беделді сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар