Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Әлеуметтік жауапкершілік форумы өтті

ТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Әлеуметтік жауапкершілік форумы өтті,
None
None

деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш шара «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілді.

Форумның миссиясы - этникааралық төзімділік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселесіне бизнес-қауымдастықты тарту болып табылады.

Форумда «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры Ерлан Байжанов сөз сөйлеп, мемлекетіміздегі этникааралық қарым-қатынастар мен олардың арасында тату-тәтті қарым-қатынас пен саяси тұрақтылықты бекітуге Қазақстан халқы Ассамблеясының зор үлес қосып отырғандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар