07:29, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
Астанада Қазақстан мен Германия мамандары су ресурстары саласында тәжірибе алмасады
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 19 наурызында Астанада Қазақстан мен Германия арасындағы технология мен білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында конференция өтеді.

Конференция «EХРО-2017 тұрғысында білім мен технология арасындағы трансфер» тақырыбына негізделіп отыр.
Аталған шара барысында Германиядан келген кәсіпкерлер су арнасы саласындағы жаңа технологияларды таныстыратын болады. Сонымен қатар жиында баламалы энергия көздері және жаңа буынды технологияларды пайдалануда білікті мамандарды даярлау мәселелері қарастырылады.
21 наурызда іс-шара «Ресурстар саласында (су ресурсы мен энергия) Қазақстан-Германия ынтымақтастығы аясында дуалды оқыту» тақырыбындағы семинармен жалғасатын болады.