Астанада Қазақстан мен Кубаның жетекші саяси күштері ынтымақтасығының келешектегі бағыттары талқыланды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Бүгін «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Ферреромен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында «Нұр Отан» ХДП қызметі, ҚР Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген негізгі тапсырмалары, сондай-ақ, Қазақстан мен Кубаның жетекші саяси күштерінің ынтымақтастығының келешектегі бағыттары әңгіме болды.Кездесу барысында, Д.Қалетаев мәртебелі қонақ және Кубаның жетекші саяси партиясының басшысын «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партияның 12-ші съезіне шақырды. «Нұр Отан» ХДП-ның Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялармен өнімді іс-қимылының партиялық дипломатияны дамытуда маңызы өте зор, деп ата көрсетілді баспасөз қызметінде.
Соңғы жаңалықтар