Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойлы датаны Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана ашып отыр. Бүгін кітапхана қабырғасында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кітап көрмесін өткізді.
None
None

«Бүгін біз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмені ашып отырмыз. Бұл - үлкен мереке. Қазақта, жалпы Шығыс халықтарында 25 жыл деген - өте тамаша дата. Бұл мемлекеттіліктің бекіген кезі. Бір жағынан мемлекет жас болып есептелінеді. Оның алдына қойған мақсаттары көп», - дейді Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған.

Экспозиция ҰАК қорындағы кітаптардан және электронды ресурстарынан құралған төрт бөлімнен тұратындығын атап өткен жөн.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл» атты бірінші бөлімде Қазақстан Тәуелсіздігінің құрылған және қалыптасқан кезінен мол мағлұматтар берсе, «Ұлы Дала Елі - Мәңгілік Ел» деп аталатын келесі бөлім Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» атты Жалпыұлттық идеясын ашуға арналған. Мұнда сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жарыққа шыққан кітаптар қойылып отыр.

«Елбасы жолы - елдіктің жолы» атты бөлімде Қазақстан Президентінің қызметі жайында жазылған кітаптарды көруге болады. Онда Елбасының төл туындылары да ел назарына ұсынылған. «EXPO-2017» - Астана мерейі» деген бөлімнің материалдары Астана қаласының тарихына, «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне арналды.

Айта кету керек, көрмеге 400-ден астам кітап қойылған. Ол келушілер үшін бір жыл бойы ашық болады.

«Көрме өзінің мақсаты бойынша оқырмандарға жыл бойы мағлұматтар беруге бағытталған. Осылайша, бұл кітапхананың биыл бастап отырған мәдени шаралардың алғашқысы», - дейді ұйымдастырушылар.
книжно-иллюстрированную выставку книжно-иллюстрированную выставку книжно-иллюстрированную выставку книжно-иллюстрированную выставку

Соңғы жаңалықтар