Астанада «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен «Siemens AG» концерні басшыларының кездесуі өтті

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин сәрсенбі күні Астанада «Siemens AG» неміс концернінің басқарма төрағасы Петер Лешермен кездесті.
None
None
Кездесу барысында машина жасау саласындағы, оның ішінде Қазақстан аумағында магистральдік электровоздар жасау жөніндегі жоба бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ұлттық компанияның баспасөз қызметінен. Жыл бойы «ҚТЖ» мен неміс концерні өкілдерінің арасында белсенді келіссөздер жүргізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында электр жылжымалы құрама жасау ісін жаңарту және дамыту ынтымақтастығының мүмкіндіктері талқыланған болатын. 2008 жылдың желтоқсан айында «ҚТЖ»-ның еншілес компаниясы «Локомотив» Қытайдың «Чжучжоу электровоз құрылысы компаниясымен» «Siemens» тартушы жабдықтары мен басқару жүйелері қолданылған 22 жолаушылар электровозының жеткізіліміне келісімшартқа отырды. Осы келісімшарттың аясында, қазіргі уақытта Атбасар стансысындағы «Бәйтерек» акционерлік қоғамының электровоз жөндеу зауытының базасында локомотивтер құрастыруды ұйымдастыру жөніндегі келіссөздер жүргізілуде. «Біздің компаниямыз үшін Қазақстан - Орталық Азияда өндірісті дамыту бойынша негізгі елдердің бірі. «Siemens» сіздердің жобаларыңызды жүзеге асыруға қажетті барлық жабдықтарды жеткізуге әзір. Біз сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электровоздар өндірісін ұйымдастыруға да көмектесуге әзірміз»,- дейді П.Лешер.
Соңғы жаңалықтар