Астанада Қазақстанда жасалған ядролық сынақтар жөніндегі деректі фильм көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Невада - Семей» қозғалысының 30 жылдығына орай «Куда дул ветер» (Spring Films production) атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада Қазақстанда жасалған ядролық сынақтар жөніндегі деректі фильм көрсетілді

Фильм Қазақстанның және Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық антиядролық бастамаларын қолдауға бағытталған.

Британиялық режиссер Андре Зингердің аталмыш документалды фильмінде қырғи-қабақ соғыс кезінде 40 жыл бойы ірі державалардың өз халқының басын қатерге тіге отырып, жер бетінен күллі адамзатты жойып жібере алатын қуаты бар қаруды қалай жасағандары жөнінде баяндалды.
null

«Қазіргі уақытта әлемде 15 мыңнан астам ядролық қару бар, олардың әрқайсысы Хиросимаға тасталған бомбалардан 300 есе қуатты. Біз бүгін көрген фильм ядролық қарудың адамзат үшін қауіптілігін тағы бір айқындап, әр адам бұл күрделі мәселені абстракция емес, жеке басына төнген қауіп ретінде қабылдау керектігін көрсетеді», - деді Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов.

«Куда дул ветер» фильмінде КСРО мен АҚШ-та болған ядролық сынақтар мен сол зұлмат сынақ алаңдары маңында шоғырланған халықтың денсаулығына жасаған кері әсері туралы айтылады. Сонымен қатар, фильм «Невада-Семей» қозғалысының екі елдің белсенділері мен зардап шеккен азаматтарын біріктіре отырып, Семей ядролық полигонын жабуға жасаған әрекеттері мен өзге полигондарда сынақ жүргізуді тоқтатуға қалай қол жеткізгендерін суреттейді.

Фильмде ядролық сынақтарға жалпы тыйым салу Келісімінің жасалуына себепші болған Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық дұрыс шешімі мен саяси көрегендігінің халықаралық деңгейде қабылдануы мен гуманистік маңызына назар аударылады.

Көрсетілімге қатысу үшін Астанаға фильмнің бас кейіпкерлерінің бірі, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков арнайы келді.
null

Сонымен қатар, Қазақстанның антиядролық бастамасының маңыздылығын Шейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Иван Кулеба, ҚР СІМ орынбасары Роман Василенко мен М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің вице-президенті кеңінен талқылады.

null