Астанада қазақстандық үлес көлемiн арттыруға бағытталған «Made in Kazakhstan» атты сұхбат алаңы ашылды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгiн Астанада қазақстандық үлес көлемiн арттыруға бағытталған "Made in Kazakhstan" атты сұхбат алаңы ашылды.
None
None

Оның жұмысына 100-ден астам компания, сонымен қатар мемлекеттiк орган, даму институттары мен салалық қауымдастық өкiлдерi қатысуда.

Сұхбат алаңының басты мақсаты - отандық тауар өндiрушiлер, жұмыс және қызмет көрсетушi компаниялар мен елдiң iрi жер қойнауын пайдаланушылар арасында тиiмдi байланыс орнату, жергiлiктi тауарлардың үлесiн арттыру бағытындағы өзектi мәселелердi талқылау.

"Сұхбат алаңы Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкiлдерi мен iрi тапсырыс берушi компаниялар арасында көпiр орнатуға бағытталған. Бұның алдында өткен дәл осындай шарада үлкен нәтижеге қол жеткiзiлген болатын. Биылғы сұхбат алаңында да қазақстандық өндiрушiлер жемiстi келiсiмдерге қол қояды деген үмiттемiз. Қазақстандық үлестiң дамуы ҮИИДМБ аясындағы негiзгi бағыттардың бiрi. Ол халықтың жұмыспен қамтылуына және экономиканың тұрақты дамуына әсер ететiн фактор. Сондықтан барлық қазақстандық тауар өндiрушiлердi бұдан әрi де қолдайтын боламыз", - дейдi ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Нұрлан Сауранбаев шараның ашылу салтанатында.

Айта кетейiк, бұл шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мен «NaDLoC» жергілікті үлесті дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар