Астанада Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы форум болады

МАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада 1-желтоқсанда «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: Тәуелсіздікке 20 жыл және жаңа міндеттер» деп аталатын экономикалық форум болады. «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн шеңберінде өтетін бұл шараны Экономикалық даму және сауда министрлігі «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастыруда.
None
None

Оған бизнес қауымдастықтардың, ғылыми-зерттеу институттар мен халықаралық ұжымдардың басшылары мен еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам кәсіпкер шақырылып отыр. Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік саясаттың және инвестициялық іскерлік ахуалдың нәтижелері мен жаңа міндеттерін талқылауға арналған форум жұмысына, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, Қаржы министрі Болат Жәмішев қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар