Астанада «Кемеңгер келбеті» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді

None
None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең, 9 желтоқсан күні «Нұр Отан» ғимаратында «Кемеңгер келбеті» атты жаңа кітаптың таныстырылымы болады.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай арнайы жазылған бұл жинаққа қазақ халқының қазіргі танымал ақын-сазгер-күйшілерінің өлең-ән-күйлері енген.

Кітаптың алғашқы бөлімі: «Жүрекжарды жыр» деп аталып, оған Тәуелсіздікке қол жеткізуге өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан атын әлемге танытқан Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев туралы жырланған өлеңдер мен поэмалар енді. Тәуелсіз Қазақ елінің басшысына жыр арнаған, азаматтық, кемеңгерлік, қаһармандық тұлғасын өлеңге қосқан ақындар бұл тақырыпты шабыттана жырлайды.

Ал екінші «Әуелеген ән» атты бөлімде Алаштың байтағы - Астананы өз қолымен тұрғызған Елбасының көркем келбеті әсем әнмен әрленеді.

Үшінші бөлім «Күмбірлеген күй» деп аталады. Мұнда да Елбасының ерен еңбегі тілсіз тіл - күй арқылы шебер бейнеленеді.

Бұл кітапта өлең-поэмалар, ән мәтіндері, күйлердің ноталары, көрнекі фотосуреттер берілген.

Шығарманы құрастырушы - журналист Бауыржан Сегізбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram