Астанада кен металлургия конгресі өз жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Үшінші кен металлургия конгресі өз жұмысын бастады.  Қазақстанның кен-металлургия күні аясында өтетін шара үш күнге ұласатын болады.

Оның аясында кен металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының үшінші съезі мен аталған саланы дамыту бойынша түрлі тақырыптарды қамтитын дөңгелек үстелдер ұйымдастыратыны күтіледі.

Қазақстанның тау-кен металлургия күндерін ұйымдастырушы - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Астанадағы алқалы жиынға Беларусь, Қытай,  Түркия, Украина, Ресей секілді бірқатар мемлекеттердің салалық министрліктер делегациясы мен өндірістік бірлестіктер өкілдері келіп отыр. Жалпы алғанда Конгресс жұмысына Австралия, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Канада, Қытай, Польша, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония секілді әлемнің  23 елінен 1200 делегат қатысуда.

Қазақстанның кен металлургиясы кешені күндерін өткізу экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары инновациялық өнімдер шығару, білікті мамандар даярлау секілді мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатының негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Конгресс жұмысына ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов қатысуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram