15:44, 28 Мамыр 2025 | GMT +5
Астанада Кенесары көшесінің учаскесі уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Кенесары көшесінің Ә.Сембинова көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 27-29 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Райымбек батыр даңғылындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелерде жарық сөндірілетінін хабарлаған едік.