Астанада керлингтен Қазақстан чемпионаты басталды

АСТАНА. KAZINFORM -Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз сарайында керлингтен жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді.

Астанада керлингтен Қазақстан чемпионаты басталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жарысқа Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Алматы облысы мен Астана, Алматы қ.алаларынан 200-ге жуық спортшы жиналды.

Жасөспірім қыздар арасында Шығыс Қазақстан, Астана, Маңғыстау облысы үздік үштіктен көрінді.

Ал жастар арасында: ұлдарда Қостанай, Жетісу облысы мен Алматы қалалары жүлделі орындарды өзара бөліссе, қыздарда Қостанай, Жетісу, Маңғыстау облыстары жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан чемпионаты 30-шы қыркүйекте аяқталады.

Еске салсақ, бұдан бұрын 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына керлингтен жолдама алған алғашқы құрамалар белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар