Астанада кей жанармай құю бекеттеріндегі бензин талапқа сай болмай шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астананың жанармай құю бекеттерінде бензиннің сапасын тексерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында Астана қаласындағы «Sinooil» ЖШС-ның (Қорғалжын тас жолы, 116, Кравцов көшесі, 8), «Новая АЗС» ЖШС-ның (Қосшығұлұлы көшесі, 3, «Compass» АЖҚС), «Газпром нефть Казахстан» ЖШС-ның (Бөгенбай батыр даңғылы, 24), «Ойл» ЖШС-ның (С. Сейфуллин көшесі, 63/4), «Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС (Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) автомобильге жанар-жағармай құю станцияларындағы автомобиль бензині мен дизель отынының сапасына мониторинг жүргізді.

Сынақ зертханалары автомобиль бензинінің 13 сынамасын зерттеді, оның ішінде бензиннің 3 сынамасы (23%):

- «Газпром-Омский НПЗ» АҚ өндірген («Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, С. Сейфуллин көшесі, 63/4),

- «Башнефть» ААҚ өндірген («Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі күкірттің құрамы;

- «Башнефть» ААҚ өндірген («Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі бензолдың көлемдік үлесі «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған отынға қойылатын талаптар туралы» 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, дизель отынының 5 сынамасы тексерілді, оның ішінде отынның 1 сынамасы (20%) «Ачинский нефтеперерабатывающий завод ВНК» ААҚ өндірген (Қосшығұлұлы көшесі, 3, «Новая АЗС» АЖҚС) отынның тұтану температурасы 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейді.

Сәйкес келмейтін бензинді өткізудің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Соңғы жаңалықтар