Астанада кейбір жол бөліктерінде қозғалыс шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 7 тамыздан бастап Мүсірепов көшесін Абылай хан даңғылынан бастап тығырыққа дейінгі аралықта орташа жөндеу жұмыстары басталады.
None
None

Сонымен қатар, 17-20 тамыз аралығында аталмыш жол бөлігінде асфальт төсеу үшін автокөлік қозғалысы жабылады. Жұмыс 22 тамызда аяқталады деп жоспарлануда.

Жөндеу жұмыстары кезінде қажетті ескерту және тиым салу жол белгілері қойылады, деп хабарлайды astana.kz.

Соңғы жаңалықтар