Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM —  Астанада 2-3 тамыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Елордада мерекелік қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның түрлі өңірлерінен жеткізілген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарының түрлі азық-түлік өнімдері ұсынылады.

Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жемістер, сол сияқты ет пен ет өнімдері, сүт өнімдері, нан-тоқаштар, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа да тауарлар тиімді бағада сатылады.

Іс-шара 2-3 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан «KERYEN JOLY» сауда орталығында өтеді.

Қосымша ретінде дәл осы күндері, 2-3 тамыз аралығында, қала тұрғындарына жақсы таныс келесі алаңдарда демалыс күндерге арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылады:
* «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығының аумағы (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
* Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайы («Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).

Жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Айта кетелік биыл 6 мың ауыл шаруашылығы техникасы лизингке алынады

Соңғы жаңалықтар