Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 18-19 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада автономды жылу қазандығы бар тұрғын үйлер газға ауыстырылып жатқанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар