Астанада көмір өндіру ісіндегі жапон технологиясының жетістіктері таныстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 28 маусым күні «Энергетика келешегі және жапондық технологиялар» тақырыбында Қазақстан-Жапония энергетикалық және өндірістік ынтымақтастығын дамыту жөніндегі семинар өтеді, деп хабарлады KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі.
None
None

Бұл шара жапондық сауда жөніндегі қауымдастықпен (ROTOBO) бірлесіп ұйымдастырылмақ. KAZENERGY - ресми серіктес, тең ұйымдастырушы. Қатысушылардың тізіміне: меморгандар, ұлттық және халықаралық компаниялар, бірлестіктер, соның ішінде: «JGC», «Metawater», «Toshiba», «Kawasaki Heavy Industries», «Chiyoda Corporation» және басқаларының өкілдері кіреді.


Семинар бағдарламасы шеңберінде көмір өндірісіндегі жапон технологиясының жетістіктері таныстырылады.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын ғылыми-технологиялық дамыту аспектілері, сонымен қатар энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мәселелері де талқыланады.

«Бұл шара ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жапонияға сапары алдында өтпек. Сонымен қатар, Қазақстан-Жапония компаниялары арасындағы серіктестік байланысты нығайтып, энергетика саласындағы жапон технологиясымен жан-жақты танысуға жол ашады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар