Астанада көмір қай жерде арзан сатылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада көмірдің әртүрлі маркасы бойынша өзекті бағалар мен оны сататын орындардың мекенжайлары жарияланды. 2 қарашадағы жағдай бойынша отынның бағасы көмір түрі мен сатылатын орнына қарай 15 мыңнан 23 мың теңгеге дейін жетеді. 

көмір
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі елорда әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Герцен көшесі, 4/1 мекенжайында сұрыпталған Қаражыра көмірі 21 мың теңгеден, ал тұтынушылық түрі 15 мың теңгеден сатылады. Мақат көшесі, 4/1 мекенжайында да көмірдің осы түрлерінің бағасы дәл осындай. Мұнда Шұбаркөл көмірін де 20 мың теңгеден сатып алуға болады.

Герцен көшесі, 6/2 мекенжайында Батыр көмірінің бағасы — 18 мың теңге, Шұбаркөл — 22 мың теңге, ал Қаражыраның тұтынушылық түрі 23 мың теңгеден сатылады.

Жамбыл Жабаев көшесі, 76 мекенжайында Шұбаркөл көмірі 20 500–20 600 теңгеден, Қаражыра 19 мың теңгеден, Майкөбе 17 мың теңгеден саудаланады. 70-ші өткел, 9А мекенжайында Шұбаркөлдің бағасы — 20 600–20 700 теңге, Қаражыра — 19 мың теңге, Майкөбе — 17 500 теңге.

М. Дулатов көшесі, 182/1 мекенжайында Қаражыра көмірі 20 500 теңге, Шұбаркөл 21 500 теңге тұрады. № 2 жылу электр орталығы маңындағы 101-көше, 30Б мекенжайында көмірдің екі түрі де 20 500 теңгеден сатылады.

Көктал тұрғын алабы, 28/2 мекенжайында Қаражыра көмірінің бағасы — 19 500 теңге, Майкөбе — 17 500 теңге. Ал Көктал, 28 мекенжайында Шұбаркөл көмірі 20 мың теңгеден, Майкөбе 17 500 теңгеден саудаланады.

Бұдан бөлек, Мақат көшесі, 40 мекенжайында Шұбаркөл көмірі 20 700 теңгеден сатылады. Герцен көшесі, 6Б мекенжайында оның бағасы 21 мың теңге, ал Майкөбе көмірі 17 мың теңге тұрады.

Бұған дейін Қызылордада көмір қаншадан сатылып жатқанын жазғанбыз.