Астанада көпір аркасына шығып алған жігітке қатысты тергеу жүргізілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бүгін, 18 шілде күні таңертең Қабанбай батыр даңғылындағы көпір аркасына шығып алған жас жігітке қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» агенттігіне Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін, 18 шілде күні таңертең шамамен сағат 08:00-де Республика даңғылы мен «Самал» шағын ауданы маңындағы көпірдің аркасына шығып алған 24 жастағы Астана қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Медициналық тексеру бойынша, ер адам орташа деңгейдегі алкогольдік масаңдық күйде болғаны анықталды.