Астанада көпқабатты үйден секіріп, өмірімен қош айтысқан екі қыз баланың сектада болғаны анықталды - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көпқабатты үйден секіріп, өмірімен қош айтысқан екі қыз баланың «готтар» деп аталатын сектада болғаны анықталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мағжан мәлім етті.

Брифинг барысында журналистер тарапынан осыдан біраз бұрын Астанада көпқабатты үйлердің бірінен секіріп кеткен екі кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға қатысты қозғалған қылмыстық істің қорытындылары сұралған болатын.

«Тексеру нәтижесінде бұл екі кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың «готтар» деп аталатын сектаға еліктірілгендігі анықталды. Олар Интернет арқылы «өмір түкке тұрғысыз» дегенге саятын ақпараттар алып отырған. Соның салдарынан олар өмірімен қош айтысып тынды», -деді А.Мағжан.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда әлгіндей еліктіретін ақпаратты таратумен айналысатын тұлғалар іздестіріліп жатыр.

«Бұндай қылмыстар, өлімге итермелеу ғаламтор арқылы болып жатқандықтан, техникалық тұрғыда ондай тұлғаларды дер кезінде анықтап, жауапқа тарту біршама қиындау болып отыр», дейді Арман Мағжан.

Соңғы жаңалықтар