Астанада көпірден өзенге секірген қыз жедел жәрдемге тапсырылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенінен қызды құтқарды.
Сарыарқа ауданында, Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір маңында 2006 жылы туған қыз көпірден Есіл өзеніне секірген.
— Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жүзу құралының көмегімен қызға жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді. Қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, — делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды өз өмірі мен денсаулығын сақтауға, қауіп-қатерге бармауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Бұған дейін Атырауда өзенге секірген ер адам құтқарушыларды әбігерге салғанын жаздық.