Атырауда өзенге секірген ер адам құтқарушыларды әбігерге салды

АСТАНА. KAZINFORM — Атырауда Төтенше жағдайлар қызметкерлері ер адамды құтқарып қалды.

Атырауда Төтенше жағдайлар қызметкерлері ер адамды құтқарып қалды
Фото: Видеодан скрин

Атырау қаласындағы Әлиев көпірі маңында ер адамның Жайық өзеніне секіргені туралы хабарлама түсті. 

— ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар жүзу құралының көмегімен зардап шеккен азаматқа жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді. Кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, — делінген хабарламада.

ТЖМ төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырады.

Бұдан бұрын Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала жатқан арбаға құлағап, екеуі де ажал құшқанын жазғанбыз.