Астанада Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам конференциясы өтеді

Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияға 57 ислам елінен және 25 халықаралық ұйымнан 200-ден астам адам қатысады.
Форум делегаттары ислам мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ күн тәртібінде - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы және «Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасы атты бастамалары.
Бразилияда өтетін Орнықты даму жөніндегі БҰҰ Конференциясына алдын ала дайындық қарсаңында Қазақстандық бастамаларды мұсылман әлемінің қолдауы өте маңызды болып табылады.
ИСЕСКО - Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) мамандандырылған мекемесі ретінде 1982 жылдың 3 мамырында құрылған Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы болып табылады. ИСЕСКО Штаб-пәтері Морокко Корольдігінің Рабат қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы аталған Ұйымға ресми түрде 1996 жылы желтоқсанда қабылданды.
Осы орайда, Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ететіндігін ескере кету қажет. 2011 жылдың 27-30 маусым аралығында Астана қаласында ИЫҰ мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ИСЕСКО Бас директоры Абдель-Азиз Аль-Туэйджри Қазақстан Республикасының елордасында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам Конференциясын өткізу туралы бастаманы бастамашылық етті.
Конференция жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін ислам мемлекеттер арасындағы диалог орны болады. Аталған форумды өткізу Қазақстан Республикасының мұсылман әлеміндегі беделін нығайтады және имиджін арттырады.